БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өткен XX жазғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына жалпы 84 медаль түсті.

Қазақстандық спортшылар 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде жеңіп алды.

Ұлттық құрама сапынан жарыс жолына соңғы болып ат спортының өкілдері шықты. 4 қазанда конкурдан биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бойынша жекелей сынның А санатындағы финалының екінші кезеңі өтті.

Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады. Нұрила Тұрысбекова Quibelle Van D’Abelendreef атты атпен екінші кезеңдегі белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.

Жекелей конкурда Қатар өкілі Фалех Аладжами Qapella атты атпен алтын медаль жеңіп алды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен күміс жүлдеге ие болса, Сауд Арабиясының өкілі Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медальмен қорытындылады. Жалпы жүлде саны – 84.

Басқа жаңалықтар

Back to top button