БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық гимнастар Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық көпсайыстың қола жүлдегері атанды.

Финалда қазақстандық гимнастар жалпы есепте 51,550 ұпай жинады. Бес доппен орындалған жаттығу үшін 25,450 ұпай алса, үш шығыршық пен екі жұп ұршықпен көрсеткен бағдарламасы 26,100 ұпайға бағаланды.

Қазақстан құрамасы сапында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.

Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Жапония командасы 52,500 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button