ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан дзюдошылары Азия ойындарында командалық сында күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында дзюдодан аралас командалық жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық дзюдошылар финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Жапония құрамасымен белдесті. Финал 4:0 есебімен жапониялықтардың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы аралас командалық бәсекеде екінші орын алып, Азия ойындарының күміс медаліне ие болды.

Ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев және Екатерина Токарева өнер көрсетті.

Фото: Сали Сабиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button