КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Раимова Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандомен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласынан айқын басымдықпен жеңіп, Азия ойындарының қола медалін иеленді.

Осылайша, Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына әйелдер күресінен қола жүлде қосты.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button