БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Қабдуллаев Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесті.

Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласына жол беріп, Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады.

Осылайша, Мерей Қабдуллаев Қазақстан құрамасының қоржынына джиу-джитсудан күміс медаль қосты.

Фото: Никита Басов

Басқа жаңалықтар

Back to top button