БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мариан Журавлева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Журавлева Иордания өкілі Майя Ишакатпен кездесті.

Белдесу қорытындысында қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының қола медалін иеленді.

Бұған дейін джиу-джитсудан 85 келіге дейінгі салмақта Мерей Қабдуллаев күміс жүлдегер атанған еді.

Фото: Никита Басов

Басқа жаңалықтар

Back to top button