БОКСТРЕНДТЕ

Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта төрешілердің барлығы басымдықты қазақстандық боксшыға берді. Екінші раундта да Төрехан қарсыласынан басым түсті. Сонымен қатар иорданиялық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Жекпе-жек қорытындысында Төрехан Сабырхан төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалі. Қазақстандық боксшылар бұған дейін Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы алтын жүлде жеңіп алған еді.

Төрехан Сабырхан осы жеңісімен Зеяд Ишаиштен биылғы Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. 2026 жылдың сәуірінде Ұлан-Батырда өткен құрлық біріншілігінің финалында Ишаиш жеңіске жетіп, Төрехан күміс жүлдегер атанған болатын.

Фото: Сали Сабиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button