ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Рита Бакишева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды.

Бакишева жарысты 1/8 финалдан бастап, Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен сынға түсті. Жекпе-жек 0:2 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталып, Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.

Виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Бұл сайыста спортшылар VR технологияларын пайдаланады. Арнайы датчиктер олардың қимыл-қозғалысын тіркеп, виртуалды кеңістікке көшіреді. Қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.

Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Басқа жаңалықтар

Back to top button