БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Рината Сұлтанова Азия ойындарында омниумнан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тректегі велоспорттан күміс жүлдегер атанды.

Омниум сайысының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Сұлтанова 133 ұпай жинап, екінші орын иеленді.

Жапониялық Юми Кадзихара 136 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Гонконг өкілі Ли Сзе Винг 124 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Рината Сұлтанованың осы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол тасжолдағы жекелей жарыста алтын жүлде жеңіп алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button