
Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Қасымбек Түрікменстан өкілі Зымамухаммет Сапаровпен кездесті.
Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының қола медалін иеленді.
Бұған дейін еркін күрестен Начын Куулар да Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде салған еді.
Фото: Нұрғали Жұмағазы



