ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы турнирді тең нәтижемен бастады

Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын сырт алаңда тең есеппен аяқтады.
Торсхавн қаласында өткен Фарер аралдарына қарсы беташар кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Тартысты өткен матчта ел құрамасы сапынан Темірлан Ерланов мергендік танытып, команда қоржынына алғашқы ұпайды салды.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 29 қыркүйек күні өткізеді. Жерлестеріміз бұл жолы да қонақта бақ сынап, Словакия құрамасымен күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button