ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарламадан үшінші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан Ондрей Непела мемориалында жаңа жарыс маусымын бастады.

ISU Challenger сериясына кіретін турнирде Олимпиада чемпионы қысқа бағдарламада 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға орналасты.

Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Италиялық Даниэль Грассль 99,10 ұпаймен екінші орында келеді.

Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл – Шайдоровтың 2026/27 жылғы маусымдағы алғашқы ресми жарысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button