БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық үш бессайысшы Азия ойындарының финалына шықты

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды. Қазақстан құрамасының үш спортшысы шешуші кезеңге жолдама алды.

А тобында өнер көрсеткен Аяна Қазбекова семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run сайыстарының қорытындысы бойынша 1363 ұпай жинап, бесінші орын иеленді. Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

В тобында сынға түскен Диана Щедрова төрт сайыстың нәтижесінде 1356 ұпай еншілеп, бесінші орын алды.

Жарыс ережесіне сәйкес әр жартылай финалдық топтан үздік тоғыз спортшы финалға өтеді. Осылайша, Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова және Диана Щедрова медаль үшін күресті жалғастырады.

Әйелдер арасындағы финал 20 қыркүйекте өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button