БАСҚАЛАРЫ

Ашық суда жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер өнер көрсетті

Аргентинаның Санта-Фе қаласында ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан атынан жарысқа бес спортшы қатысты.

15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 5 шақырымдық жарыста Дарина Сысоева 18-орын алды. U17 санатындағы 7,5 шақырымдық қашықтықта Саида Елемес те 18-нәтиже көрсетті.

Ұлдар арасында U15 санатындағы 5 шақырымдық жарыста Тимофей Лебедев 34-орынға тұрақтады. 17 жасқа дейінгі спортшылардың 7,5 шақырымдық бәсекесінде Ярослав Губарев 44-орын, Руслан Максимов 46-орын иеленді.

U19 санатындағы 3 шақырымдық жарыстан қалыс қалу сайысында Саида Елемес 15-орын алып, келесі кезеңге өте алмады. Ерлер арасында Ярослав Губарев 27-орыннан көрінсе, Руслан Максимов 28-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы 4х1500 метрлік аралас эстафетада 18-орын алды. Бұл сында Саида Елемес, Руслан Максимов, Дарина Сысоева және Ярослав Губарев ел намысын қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button