БАСҚАЛАРЫ
Қазақстанның үш велошабандозы 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынайды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан әйелдер құрамасының Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды.
Құрлықтық додада Қазақстан намысын Рината Сұлтанова, Виолетта Казакова және Елизавета Склярова қорғайды. Үш спортшы да топтық жарыста сынға түседі.
Сонымен қатар Рината Сұлтанова уақытқа жарысудан жекелей сында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының да тізімі жарияланған еді. Азия ойындарына Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров қатысады.
Осылайша, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан атынан Азия ойындарында барлығы алты спортшы бақ сынайды.
2026 жылғы жазғы Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.



