БАСҚАЛАРЫ

Жағажай волейболынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамалары алғашқы матчтарын өткізді

Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан төрт жұп топтық кезеңдегі алғашқы кездесулерін өткізді.

Ерлер арасындағы D тобында Сергей Богату мен Кирилл Гурин алғашқы ойында ирандық Абольхассан Хакизаде мен Амир Али Галеновиге 0:2 (13:21, 15:21) есебімен жол берді. Екінші матчта қазақстандықтар Оман өкілдері Мазин Аль-Хашми мен Худ Аль-Джалабубиді 2:0 (21:12, 21:18) есебімен жеңді.

E тобындағы Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад алғашқы екі кездесуінде жеңіліс тапты. Олар жапониялық Такуми Такахаси мен Дзюмпэй Икедеге 0:2 (13:21, 17:21), кейін индонезиялық Бинтанг Акбар мен Софьян Рахманға 0:2 (17:21, 15:21) есебімен есе жіберді.

Әйелдер арасында C тобында өнер көрсетіп жатқан Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова да екі матч өткізді. Қазақстандықтар алдымен Филиппин өкілдері Хайлем Прогелла мен София Пагареге 0:2 (13:21, 14:21), кейін жапониялық Асами Шиба мен Рейка Муракамиге 0:2 (14:21, 14:21) есебімен жол берді.

F тобындағы Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет алғашқы кездесуінде жапониялық Рэн Мацумото мен Нон Мацумото жұбынан 0:2 (14:21, 12:21) есебімен жеңілді. Екінші матчта Қытай өкілдері Цао Шутин мен Дун Цзеге 0:2 (2:21, 12:21) есебімен есе жіберді.

3 қыркүйекте қазақстандық жұптар Азия чемпионатындағы кезекті кездесулерін өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button