БАСҚАЛАРЫ

Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық Илларион Авченко мен Эмиль Касимов бір метрлік тұғырдан суға секірудің U18 санатындағы іріктеу кезеңіне қатысты. Илларион 357,25 ұпай жинап, 30-орынға тұрақтаса, Эмиль 338 ұпаймен 34-орын алды. Екі спортшы да келесі кезеңге өте алмады.

Сондай-ақ Александр Подлесный U15 санатында үш метрлік тұғырдан суға секірудің іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ол 345,45 ұпай жинап, 22-орынға ие болды және финалдық кезеңге жолдама ала алмады.

Александр Подлесный 28 тамызда бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button