Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Қазақстан құрамасы Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Әлем чемпионатында қазақстандық гимнастар жекелей және топтық жаттығуларда бақ сынады. Ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол үш финалға жолдама алып, ұршықтармен орындалатын жаттығуда бесінші, жекелей көпсайыста алтыншы, ал таспамен орындалатын жаттығуда сегізінші орынға ие болды.
Жекелей жарыстарда Ақмарал Ерекешеваның нәтижелері:
Көпсайыс – 6-орын
Ұршық – 5-орын
Таспа – 8-орын
Шығыршық – 42-орын
Доп – 16-орын
Айбота Ертайқызының нәтижелері:
Көпсайыс – 24-орын
Ұршық – 15-орын
Таспа – 32-орын
Шығыршық – 10-орын
Доп – 33-орын
Топтық жаттығуларда Қазақстан сапында Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасының топтық жаттығулардағы нәтижелері:
Көпсайыс – 13-орын
5 доп – 13-орын
Үш шеңбер және екі жұп ұршық – 12-орын
Командалық көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан 11-орынға тұрақтады. Осылайша, қазақстандық гимнастар әлем чемпионатында үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды.



