БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік сегіздікке енді

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста сәтті өнер көрсетті.
Техникалық бағдарлама бойынша сынға түскен қазақстандық спортшылар 250.0992 ұпай жинап, әлем чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады.
Бұл бағдарламада Ресей құрамасы 290.1267 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Қытай құрамасы 283.0642 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Испания спортшылары 273.0474 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 13 тамызда Қазақстан құрамасы жұптық техникалық бағдарламада да өнер көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. Бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алған болатын.



