АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Аянат Жұмағали жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аянат Жұмағали қоссайыс қорытындысында 237 келіні (104+133) көтеріп, құрлық чемпионы атанды.

Күміс медаль Өзбекстан өкілі Дильнура Холдороваға бұйырды. Ол 224 келі (101+123) нәтижесін көрсетті. Ал қола жүлдені тағы бір өзбекстандық спортшы Дильноза Файзуллаева 223 келі (100+123) көрсеткішпен жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанса, Ксения Прозорова 61 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button