АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Төрехан Асанхан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Асанхан қоссайыс нәтижесінде 269 келіні (119+150) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл салмақта алтын медальді Таиланд спортшысы Витчая Пратхумта жеңіп алды. Ол 273 келі (119+154) нәтижесін көрсетті. Қола жүлде Иран өкілі Реза Заманиге бұйырды. Оның қоссайыстағы көрсеткіші – 268 келі (122+146).

Басқа жаңалықтар

Back to top button