БАСҚАЛАРЫ

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталады

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігінде спортшылар қарқынды және спринттік дисциплиналар бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Чемпионат аясында ересектермен қатар жасөспірімдер арасында да жарыстар ұйымдастырылып, бірнеше жас санатында ел чемпиондары белгілі болады.

Бәсеке елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Қазақстан чемпионаты 22 тамызға дейін жалғасып, үздік велошабандоздар ел біріншілігінің жүлделері үшін сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button