БАСҚАЛАРЫ
Тараз әйелдер арасындағы су добынан Қазақстан чемпионы атанды

Тараз қаласында су добынан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне Қазақстанның түрлі өңірлерінен үздік командалар қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынады.
Финалда Тараз бен Алматы құрамалары кездесті. Шешуші матчта тараздық команда жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Күміс жүлде Алматы құрамасына бұйырса, Астана командасы ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Осылайша, әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- Тараз
- Алматы
- Астана



