БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық ескекшілер U19 әлем чемпионатын B финалымен аяқтады

Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы сапында Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев рульсіз жұптық қайықтар жарысында ел намысын қорғады.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық ескекшілер өз тобында үшінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Алайда екінші жартылай финалда мәреге алтыншы болып келіп, басты финалға шыға алмады.
Осыдан кейін Первушкин мен Ануприев B финалында өнер көрсетіп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.
Чемпионат қорытындысы бойынша алтын медальді Румыния құрамасы жеңіп алды. Грекия күміс жүлдеге ие болса, Германия үздік үштікті түйіндеді.



