АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Ксения Прозорова 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 204 келіні (94+110) еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Күміс жүлдені Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева иеленді. Ол қоссайыста 200 келі (89+111) көтерді. Ал Иран спортшысы Хажар Седе 195 келі (90+105) нәтижемен қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын жүлделер санын арттырып, құрлықтық додадағы табысты өнерін жалғастырып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button