АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделер қорын тағы екі медальмен толықтырды.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Снежана Кашкарова қоссайыс қорытындысы бойынша 200 келіні (88+112) еңсеріп, Азия чемпионы атанды.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Нұрсила Берікбол 176 келі (77+99) көтеріп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт 65 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанып, U17 санатындағы Азия рекордын жаңартқан болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ташкенттегі құрлық біріншілігінде медальдар санын арттыра түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button