Қазақстан стенд атудан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді. Қазақстандық мергендер аралас командалар арасындағы «трап» бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетті.
Наргиза Сарманова мен Марк Почивалов жұбы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша сегізінші орынға тұрақтады. Финалдық кезеңге тек үздік төрт команда ғана жолдама алды.
Жарыс қорытындысында Аустралия құрамасы чемпион атанды. Күміс жүлдені Қытай иеленсе, Италия құрамасы қола медальға қол жеткізді.
Ал Қазақстанның тағы бір жұбы – Даниил Почивалов пен Элеонора Ибрагимова аралас командалар арасындағы жарысты 17-орынмен аяқтады. Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік мергендері қатысқан турнирде тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде бақ сынады.



