БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан волейболдан Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның ерлер құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан волейболдан Орталық Азияның ашық чемпионатын сәтті бастады. Ұлттық команда алғашқы матчта Непал құрамасын тартысты кездесуде жеңіп шықты.

Қазақстандық волейболшылар бес партияға созылған ойында қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Кездесу 25:19, 25:21, 35:36, 19:25, 15:9 нәтижесімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, жарысты сәтті бастады. Алдағы кездесуде жерлестеріміз 23 шілде күні Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Исламабадтағы дода барысында Қазақстан құрамасы сондай-ақ Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеш командаларымен де кездеседі. Турнирде өңірдің үздік құрамалары чемпиондық атақ үшін бақ сынауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button