БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан халықаралық турнирге қатысады

Түркияның Ыстанбұл қаласында бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының төрт спортшысы ел намысын қорғайды.

Халықаралық жарысқа Қазақстан атынан Арнур Тапишев, Тимур Бурханов, Диана Наменова және Алиса Кулешова қатысады. Олар түрлі санаттарда жүлделер үшін бақ сынайды.

Биылғы турнирге жалпы 13 елден 142 спортшы жиналып, халықаралық аренада өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Ыстанбұлдағы халықаралық турнир 25 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстандық бадминтоншылар жарыс барысында өз жас санаттарында жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button