БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын құраманы жариялады

Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Әлемдік додада Қазақстан намысын қорғайтын гимнасттар да белгілі болды.
Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік гимнасттарымен жүлделер үшін бақ сынайды.
Топтық жаттығулар бағдарламасында Қазақстан құрамасының сапында Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, көркем гимнастикадан әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.



