Семейде UEFA Playmakers бағдарламасы бойынша семинар аяқталды

Семей қаласында Қазақстан футбол федерациясының Әйелдер футболы департаменті ұйымдастырған UEFA Playmakers бағдарламасы бойынша кезекті оқу семинары өтті.
Семинарға «Елімай» футбол академиясының жаттықтырушылары, жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері және болашақта жаттықтырушылық қызметпен айналысуды жоспарлаған кәсіби футболшылар қатысты.
Оқу барысында қатысушылар UEFA Playmakers бағдарламасының негізгі әдістемесімен танысып, теориялық және практикалық сабақтардан өтті. Семинардың басты мақсаты – 5–12 жас аралығындағы қыздарды футболға тартудың тиімді тәсілдерін меңгерту және ойын арқылы оқыту әдістерін дамыту.
UEFA Playmakers бағдарламасы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға және футболға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама аясындағы сабақтар Disney кейіпкерлеріне негізделген арнайы әдістеме бойынша өткізіледі.



