Астанада UEFA A жаттықтырушылық курсының алғашқы модулі аяқталды

Астанада Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен UEFA A жаттықтырушылық лицензиясына арналған білім беру курсының алғашқы модулі өз мәресіне жетті. Оқу бағдарламасы 14–17 шілде аралығында өткізілді.
Курс барысында тыңдаушылар шабуылды ұйымдастыру және дамыту, шабуылдан қорғанысқа ауысу, жаттығу үдерісін жоспарлау мен талдау бағыттары бойынша теориялық және практикалық сабақтарға қатысты.
Алғашқы модуль аяқталғаннан кейін қатысушылар оқуын жалғастырып, модульаралық кезеңде практикалық тапсырмалар орындап, алған білімдерін тәжірибеде қолданады.
UEFA A лицензиясы бағдарламасы Қазақстан футбол федерациясының жаттықтырушылық білім беру жүйесін дамыту стратегиясының маңызды бөлігі саналады. Жоба академияларда, кәсіби клубтарда және жасөспірімдер құрамаларында еңбек ететін жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.



