БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан әлем чемпионатына қатысатын мергендер құрамын жариялады

20–26 шілде аралығында Эстонияның Таллин қаласында қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын 13 спортшы қорғайды.

Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама құрамына Еңлік Асқар, Шахзод Ирназаров, Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова, Артём Хорольский, Андрей Худяков, Рамазан Хусаинов, Камила Хусаинова, Валат Мусаев, Асадбек Назиркульев, Александра Садуакасова, Анастасия Семененко және Даниил Яковенко енді.

Қазақстандық мергендер бұған дейін де әлемдік аренада жоғары нәтиже көрсеткен болатын. 2023 жылы Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем чемпионатында Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова бір алтын және бір күміс медальдан жеңіп алған еді. Сонымен қатар Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық сайыста алтын және күміс жүлдені иеленген.

Таллинде өтетін әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жеке және командалық бағдарламаларда жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button