БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық волейболшылар U18 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарда бақ сынады.

Ерлер арасында Қазақстан намысын Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қорғады. Олар топтық кезеңде Чили мен Эстония жұптарын жеңіп, Литва құрамасына есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандықтар «Е» тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Алайда 1/16 финалда Польша құрамасына жол беріп, жарысты аяқтады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет өнер көрсетті. Қазақстандық жұп «G» тобында Латвия, Венесуэла және Канада құрамаларымен кездескенімен, үш матчта да жеңіліске ұшырады. Осылайша олар әлем чемпионатын топтық кезеңде аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button