БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық спортшылар құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады

Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» бағдарламасында өнер көрсетті.
Ерлер арасында қазақстандықтар сапынан ең үздік нәтижені Дамир Тоқтаров тіркеді. Ол жарысты 13-орынмен аяқтады. Ришат Хайбуллин 14-орынға тұрақтаса, Әмір Маймұратов 26-орын, Рашид Хайбуллин 35-орын және Әлішер Мұрат 50-орынға жайғасты.
Әйелдер арасындағы сайыста Тамара Улжабаева 35-орын алды. Анна Баларшина жарысты 42-сатыда аяқтаса, Арина Новицкая 50-орыннан көрінді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Франциядағы Әлем кубогы кезеңінде «жылдамдық» бағдарламасы бойынша өз өнерін аяқтады.



