АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Нұржан Жұмабай әлем рекордын жаңартып, әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келі (155+193) көтеріп, әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар Нұржан Жұмабай серпе көтеру жаттығуында 193 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Испания өкілі Эрик Гуадамуд 344 келі (156+188) нәтижемен иеленсе, қола жүлде Мексика спортшысы Хосе Мантильяға бұйырды. Ол қоссайыста 335 келі (151+184) көтерді.
Осылайша, Нұржан Жұмабай Қазақстан құрамасының қоржынына жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының кезекті алтын медалін салды.



