АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 304 келі (142+162) көтеріп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Бұл салмақта әлем чемпионы атанған мысырлық Мохамед Абдельради 318 келі (143+175) нәтижесін көрсетті. Күміс медальді Ливия өкілі Абдулрауф Халифа жеңіп алды. Оның қорытынды көрсеткіші – 305 келі (137+168).
Осылайша, Ернұр Мырзахмет Қазақстан құрамасының қоржынына жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы кезекті жүлдені салды.



