БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әлемдік додада Қазақстан намысын ерлер және әйелдер арасындағы екі жұп қорғайды.
Ерлер арасындағы жарыста Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш өнер көрсетеді. Қазақстандық жұп «Е» тобына түсіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларына қарсы ойнайды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет ел намысын қорғайды. Олар «G» тобында Латвия, Венесуэла және Канада құрамаларымен кездеседі.
Жасөспірімдер арасындағы жағажай волейболынан әлем чемпионаты 12 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстандық спортшылар топтық кезеңнен сәтті өтіп, плей-офф жолдамасы үшін таласады.



