БАСҚАЛАРЫ
Алматыда нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 180 спортшы қатысып, үздіктерді анықтауда.
Чемпионат аясында жекелей және аралас командалық сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.
Бұл жарыстың маңызы зор. Өйткені Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша алдағы халықаралық додаларға қатысатын ұлттық құраманың құрамы жасақталады. Атап айтқанда, үздік спортшылар 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Аичи–Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарына, сондай-ақ 1–15 қараша күндері ұйымдастырылатын әлем чемпионатына жолдама алады.
Айта кетейік, нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты 10 шілдеде аяқталады.



