ФУТБОЛ

CP Football: Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Команда қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында жаттығу өткізіп жатыр. Бұл кезеңде футболшылар физикалық және тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, алдағы халықаралық додаға тыңғылықты әзірленуде.

Әлем чемпионаты 15-24 тамыз аралығында Англияда өтеді. Дүбірлі турнирге Қазақстаннан бөлек Италия, Үндістан, Кения және АҚШ құрамалары да қатысады.

Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіндегі қарсыластары жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button