БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық гимнаст қыздар Әлем кубогының финалына жолдама алды
Швейцарияның Ароза қаласында өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары іріктеу жарыстарын сәтті өткізді.
Әйелдер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева финалға жолдама алып, жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар Ерлан Тасмағамбетов жекелей сындағы алғашқы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, келесі кезеңге шықты.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы синхронды секірудің финалдық жарысы 28 маусымда өтеді. Қазақстандық гимнасттар халықаралық додада жүлде үшін таласты жалғастырады.



