БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Юлия Ли Азия чемпионатындағы екінші қола медалін жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Юлия Ли Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Жастар арасындағы XCO дисциплинасында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жарыс жолын 1 сағат 24 минут 10 секундта аяқтап, қола медаль иеленді.

Бұл бағдарламада алтын медаль Қытай өкілі Ван Тинге бұйырса, күміс жүлдені оның командаласы Гун Сыин жеңіп алды.

Осылайша, Юлия Ли құрлық біріншілігіндегі жүлделер санын екіге жеткізді. Бұған дейін ол Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде XCC дисциплинасында да қола медаль еншілеген болатын.

Айта кетейік, Ташкенттегі маунтинбайктан Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button