БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы Польшадағы құзға өрмелеуден әлем кубогына қатысады

Халықаралық құзға өрмелеу федерациясы Польшадағы Краков қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының сапында сегіз спортшы өнер көрсетеді.

Әлемдік додада ел намысын Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Рашид Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Тамара Олжабаева, Анна Баларшина және Арина Новицкая қорғайды.

Қазақстандық спортшылар жекелей бағдарламалармен қатар, эстафеталық жарыстарда да өз бақтарын сынайды.

Краковтағы әлем кубогының кезеңі 3–5 шілде аралығында өтеді. Турнирге әлемнің жетекші құзға өрмелеушілері қатысып, халықаралық рейтинг үшін маңызды ұпайларды сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button