БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын гимнастары анықталды

Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.
Ересектер арасындағы құрлық біріншілігінде Қазақстан намысын Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова қорғайды.
Жасөспірімдер арасындағы жарысқа Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қатысады.
Қазақстандық гимнастар құрлықтың үздік спортшыларымен медальдар үшін сынға түсіп, халықаралық маусымдағы маңызды жарыстардың бірінде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 25-28 маусым аралығында Қытайдың Цзуньи қаласында өтеді.



