БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасының жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын үстел теннисшілері анықталды

Таиландтың Бангкок қаласында өтетін үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды.

Құрлық біріншілігінде жүлделер U19 және U15 жас санаттары бойынша сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы екі жас деңгейінде де толық құраммен өнер көрсетеді.

U19 санатында ел намысын Алан Құрманғалиев, Қадырәлі Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Арнұр Оралханов, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Алиса Цвигун және Дарья Гамова қорғайды.

U15 жас санатында Қазақстан атынан Нұрдәулет Азаматұлы, Мансұр Сүйіндік, Игитали Сұлтанмұратов, Марлен Жұмағұл, Мария Лукьянова, Жәния Бекмұхамбетова, Ойдин Камилжанова және Амира Әлімгерей жарыс жолына шығады.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама құрлық біріншілігіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізуде. Спортшылар Астана қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынында жаттығып, маңызды додаға тыңғылықты әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Қазақстандық спортшылар құрлықтың үздік жас теннисшілерімен жүлделі орындар үшін сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button