БАСҚАЛАРЫ

Санжар Жұбанов Түркия чемпионатында өнер көрсетеді

Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисінен өкілі Санжар Жұбанов мансабын Түркия чемпионатында жалғастыратын болды. Қазақстандық спортшы Түркияның Samvet TTC клубымен келісімшартқа қол қойды.

Самсун қаласының намысын қорғайтын команда Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.

Жаңа келісім аясында Санжар Жұбанов қараша айында клуб сапындағы алғашқы ресми матчтарын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бұл қазақстандық үстел теннисшілердің шетелдік клубтардағы легионерлік мансабын жалғастырудағы кезекті қадам болды. Бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның Хеннебон клубымен келісімшартқа отырған еді.

Осылайша, қазақстандық үстел теннисі өкілдері Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсету арқылы халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік алып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button