БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық мамандар халықаралық спорттық менеджмент бағдарламасына қабылданды

Қазақстанның екі өкілі Халықаралық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен жүзеге асырылатын Dream Together Master халықаралық магистрлік бағдарламасына қатысу үшін іріктеуден сәтті өтті.

Бағдарлама Seoul National University базасында ұйымдастырылып, спорттық менеджмент саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Сондай-ақ жоба кәсіби дағдыларды дамытуға және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Биыл аталған беделді білім беру бағдарламасына Қазақстаннан Ақайша Оспан мен Әнел Асылбек қабылданды. Олар оқу барысында әлемнің әртүрлі елдерінен келген Ұлттық Олимпиадалық комитеттер, спорт федерациялары мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен бірге білім алады.

Dream Together Master Program спорттық менеджмент саласындағы ең танымал халықаралық білім беру бастамаларының бірі саналады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – спорт индустриясының болашақ көшбасшыларын даярлап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстарды дамыту.

Айта кетейік, осы бағдарламаның түлектері бүгінде әлемнің түрлі спорт ұйымдарында табысты еңбек етіп жүр. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметкерлері де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button