БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасының Миландағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы Италияның Милан қаласында өтетін көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы жарысқа жекелей және топтық жаттығулар бағдарламасы бойынша қатысады.

Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Қос гимнаст та халықаралық аренада Қазақстанның жетекші спортшыларының қатарында саналады.

Ал топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасының сапында Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.

Миланда өтетін Әлем кубогының кезеңі 10-12 шілде аралығына жоспарланған. Бұл жарыс әлемнің үздік гимнастары бас қосатын маусымдағы маңызды халықаралық додалардың бірі саналады.

Қазақстандық спортшылар аталған турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық рейтингтегі ұпай қорын толықтыруға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button