БАСҚАЛАРЫ

Астанада Халықаралық Олимпиада күніне арналған жүзу жарыстары өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында балалар арасында жүзу және әртістік жүзуден жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ЮНИСЕФ қолдауымен өткізді.

Жарыстар елордадағы «Өзен» спорт кешенінің бассейнінде өтті. Бағдарламаға әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі балалар қатысты.

«Старт» тобындағы қатысушылар тақтайшаның көмегімен 25 метрге еркін стильде жүзуден және 4х25 метрлік командалық эстафетадан сынға түсті. Ал «Даму» тобының спортшылары дәл осы қашықтықтарды қосымша құралдарсыз еңсерді.

Мерекелік іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі Olympic Art Swim Fest фестивалі болды. Оның аясында жас спортшылар әртістік жүзуден арнайы көрсетілім бағдарламасын ұсынды.

Көрсетілім Олимпиада ойындарының қатысушылары Александра Немич пен Екатерина Немичтің жетекшілігімен дайындалды. Көрермендер синхронды жүзудің әсем элементтері мен спортшылардың шеберлігін тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – балаларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және олимпиадалық құндылықтарды дәріптеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button