БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Әлішер Жұмақан Словакиядағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Әлішер Жұмақан Словакияның Прешов қаласында өткен тректегі велоспорттан Гран-при сериясының турнирінде жүлдегер атанды.

Ұлттық құраманың өкілі «скрэтч» дисциплинасында сәтті өнер көрсетіп, жарысты екінші орынмен аяқтады. Осылайша, қазақстандық спортшы халықаралық турнирдің күміс медалін иеленді.

Аталған сайыста жеңіс Польша өкілі Дамиан Славэкке бұйырды. Ал Түркия спортшысы Мұстафа Таракчи үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Әлішер Жұмақан соңғы уақытта халықаралық жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Гонконгта өткен велотректен Әлем кубогы кезеңінде омниум бағдарламасында тоғызыншы орынға тұрақтаған болатын.

Словакиядағы күміс жүлде қазақстандық спортшы үшін халықаралық аренадағы кезекті табысты нәтижелердің бірі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button